«Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК-ның бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК-ның бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

«Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) Бөлім басшысы, А3-1-1 категориясы (1 бос орын) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Функционалдық міндеттері: құрылымдық бөлімшенің жұмысына басшылық етеді және перспективалы жұмыс жоспарларын әзірлеуге тікелей қатысады, оның орындалуын қамтамасыз етеді;

      құрылымдық бөлімше үшін кадрларды іріктеуге қатысады;

      басшылыққа құрылымдық бөлімшенің жұмысы туралы есепті уақытылы әзірлеуді және ұсынуды ұйымдастырады;

құрылымдық бөлімше туралы ережеде айқындалған міндеттер мен функциялардың тиісті орындалуын бақылайды;

      оқу-жаттығу жиындарын өткізуді үйлестіруді, штаттық ұлттық команда спортшыларының тізімін жасақтауды, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесін әзірлеуді, спорттық нәтижелерді есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;

      спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізудің ережелерін, регламенттерін, спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      спортшылар даярлығының қорытындысы және олардың жарыстарға қатысу нәтижелері туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;

      спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын үйлестіреді;

     спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Дене шынықтыру және спорт»  мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      дене шынықтыру-спорт ұйымдарында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Аталған бос жұмыс орнына үміткер конкурс қатысушыларының барлығында келесі құзыреттердің болуы міндетті: жауапкершілік, коммуникативтілік, зейінділік, ұйымшылдық, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік. Сондай-ақ кандидат өзінің фукнционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімдерге ие болуы тиіс.

 

 

 

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларда келесі құжаттардың болуы тиіс:

1) қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетілген, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде               № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

         Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы, құжаттарды конкурс қатысушысына қайтару үшін негіз болып саналады.

 

Санат

Қызмет көрсету ұзақтығына байланысты

 

min

max

А 3-1-1

375354

455627

 

Конкурсқа қатысуға талаптанатын тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау                          2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса есептегенде жүзеге асырылады. Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 45А, «Сарыарқа» Велотрегі, 3-қабат, 301 каб., индекс 010000, электрондық мекенжайы: rumac.astana@gmail.com, тел.8 (7172) 95-42-01.