Орталық директорының орынбасары Ж. Имаяқов бастаған Талдау бөлімінің әдіскерлері бір апта бойы қаланың Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында соңғы 3 жылда атқарылған жұмыстарға сараптама жүргізді.
Атап айтқанда ұйымның 2019-2021 жылдар аралығындағы күнтізбелік жоспарларына сәйкес атқарылған іс-шаралары, спортшылардың дайындықтары мен ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі жарыстардағы жетістіктері, жаттықтырушылардың құрамы, тәжірибесі және спортшыларды дайындаудағы еңбектері мен кемшілік тұстары талданды. Оған қоса, қаржы мәселесі де назардан тыс қалмады, яғни, қаражат қаншалықты мақсатты жұмсалғандығына баға берілді.
Сараптама жұмыстарының нәтижесі Шымкент қаласында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжановқа таныстырылды.
Орталықтың ел аймақтарындағы спорт саласына жүргізген жалпы мониторинг қорытындысы а.ж. 8-ші сәуірінде Қарағанды қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Д. Абаевтың қатысуымен өткізілетін жиында талқыланатын болады.