Республикалық спорт колледжі мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстарына жалпы 29 адам қатысты.
6 күнге созылған оқуда қатысушылар жобалық жұмыстарын жасап, қорғады. Үздіктерге Орталық қызметкерлері әдістемелік құралдарды табыстады.
Оған қоса, қатысушылардың барлығы Біліктілікті арттыру курстарын аяқтағанын растайтын куәлікке ие болды.