Cпорт әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы

Бүгін Шымкент қаласында спорт әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Қазақстанның 10 облысы және 3 қаласынан 200-ден астам маман қатысып отыр.

Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау ортылығының директоры Қыдырбек Рысбек “Түркістан тарландарының қысқа тарихы” атты Түркістан өңірінен шыққан атақты спортшылар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ бүгінгі бағдарламада Жұмажан Имаяқов әдіскерлердің міндеттері бойынша кіріспе дәрісін ұсынды. Біліктілікті арттыру курсы 18 наурызға дейін жалғасады.