БИАТЛОННАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

2023 жылдың 4-12 наурыз күндері аралығында Қазақстанда тұңғыш рет биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Ақмола облысының Щучинск қаласында болатын жаһандық жарыста 18 медаль жиынтығы сарапқа түседі. Чемпионатқа әлемнің 40 мемлекетінен 600-ге жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр.