Бүгін, 2022 ж. 11 мамыр, Шымкент қ. бадминтоннан жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Іс-шараны ұйымдастырушы – Дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығы.
17 мамырға дейін жалғасатын курста педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент – Ж. Андасова, спорттық уқалаушы, тейптеу маманы – С. Лаверженцев, ҚР Допингке қарсы ұлттық орталықтың білім беру бағдарламалары бойынша маманы – Г. Жұмабаева, бадминтоннан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері – А. Орманов және Орталықтың біліктілікті арттыруды ұйымдастыру бөлімінің басшысы – А. Ахметов дәріс оқиды.
Жаттықтырушы мен оқытушылар «Спортшылардың тамақтануы», «Дәрігерге дейінгі көмек», «Әртүрлі кезеңдерде спортшылар дайындау процесін медициналық-биологиялық қамтамасыз ету», «Спортшылар дайындаудағы функционалдық диагностиканың маңыздылығы» және т.б. тақырыптар бойынша пайдалы мәліметтер ала алады.
Курс соңында барлық қатысушылар жобалық жұмыс дайындап, оны қорғаулары қажет.