Қазақтың бір үміті – Азамат балуан
Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Париж олимпиадасына қатысатын қазақстандықтар арасында медальдан басты үміттілердің бірі. Ол қазір әлемдік рейтингте Девид Тейлор (АҚШ) және Хасан Яздани (Иран) сияқты мықтылардың алдын орап, бірінші орында тұр. 86 келі салмақта бақ сынайтын құрама көшбасшысы А. Дәулетбеков Белградта (Сербия) өткен соңғы екі (2022-2023жж) әлем чемпионатының жартылай финалына жетіп, қола жүлдегер атанды. Сербиядағы біріншіліктерде тек Девид Тейлорға ғана есе жіберді. Сондай-ақ, ол үш жыл қатарынан Азия чемпионы атанды. Азамат оОрда бұзар 30 жасында Олимпиада ойындарында ел мерейін асырмақ ниетте. Азамат 2022 жылдан бастап әлемдік және құрлықтық 13 жарысқа қатысып (сегізінде жүлде еншілеп, бесеуінде жүлдесіз қайтқан), 44 белдесу өткізген. Нәтижесінде 32 рет жеңіп, 12 рет жеңіліске ұшырады. Олимпиадағы қарсыластарына тоқталсақ: Иран жігіті Хасан Язданимен кейінгі жылдары 5 мәрте жолығып, бесеуінде де жеңілген. Азаматқа соңғы жылдары алынбас қамалдай көрінген АҚШ балуаны Девид Тейлорөз еліндегі ішкі іріктеуде Аарон Брукстен жеңіліп, Олимпиадаға бара алмайтын болды. Парижде бұл салмақта Кавказдың 5 балуаны күреседі. Оның төртеуі атақты Махачкаланың балуандары: Жабраил Шапиев (Өзбекстан/Дағыстан), Магомед Рамазанов (Болгария/Дағыстан), Даурен Куруглиев (Грекия/Дағыстан), Осман Нурмаганбетов (Әзербайжан/Дағыстан). Артур Найфонов (AIN/Осетия). Дәулетбеов пен Шапиев арасындағы соңғы екі белдесудің есебі - 1-1. Артур Найфонов, Магомед Рамазанов және жапониялық Хаяато Ишигуроның әрқайсысы біздің жігітті бір мәртеден жеңді. Яғни, Париж кілемінде Азаматтың әрбір айқасы аса маңызды болмақ.