Қазақстанда балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жобасы басталды

Аталмыш жоба 4-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге ақысыз түрде спорт түрлері бойынша секцияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл жоба artsport.edu.kz. платформасы арқылы жүзеге асады.

Әр спорттық секцияға өтініш берушінің өз кезегі болады. Кезектегі өтініштер берілген күні, тіпті секундқа дейінгі дәл уақытына сәйкес іріктеледі. Ешқандай жеңілдіксіз. Кезектегі орындармен алмасуға жол берілмейді.

Платформаға қатысты барлық техникалық сұрақтарды artsport@edu.kz. электрондық поштаға жіберу керек. Жүгінген кезде міндетті түрде өзінің жеке куәлігінің және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін де қоса беріңіз. Бұл құжаттарсыз сұратым қаралмайды, қарау мерзімі 5 жұмыс күніне дейін. Сондай-ақ, Telegram-парақшасына да сұрақтарды жібере аласыз.