27 шілде.
Елдос Сметов үшінші рет Олимпиадаға қатысады. Елдостың бір ғана мақсаты - Олимпиада «алтыны». Алла сәтін салсын!
Елдостың ширек финалға дейінгі жолы қандай?
Алғашқы айналымда Нидерланды дзюдошысы Торнике Чкадукамен күреседі. 27 жастағы нидерландтық Чкадука Токио олимпиадасына қатысып, қола медаль үшін белдесуде Елдосқа есе жіберген. Чкадука қазақстандық дзюдошыларды жеңе алмай жүр. Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаевтармен күресіп жеңілген. Қазір ол әлемдік рейтингте 21-орында. Елдос екінші айналымға өтсе Украина немесе Өзбекстан дзюдошыларының бірімен күреседі. Украиналық Дилшот Халматов 2023 жылғы Еуропа чемпионы. Әлемдік рейтингте 11-орында тұр. Дильшот пен Елдос бұған дейін күреспеген. Өзбекстандық Достон Рузиев биылғы Ташкент «Гран Слэм» жарысының жеңімпазы. Әлемдік рейтингте 18-орында. Бұл дзюдошымен де Елдос әлі күрескен жоқ.
Ширек финалда жолығуы мүмкін қарсылас: Олимпиада және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Янг Юн Вэй (Тайпей). Жартылай финалда күресуі мүмкін қарсыластары: жапон жампозы Риуджу Нагаяама немесе 2023 жылғы әлем чемпионы Франуиско Гарригос (Испания).
Егемендік алғаннан бері 60 кг салмақта белдескен балуандарымыздың Олимпиадада орындары мынадай:
Сидней олимпиадасы - Базарбек Донбай – 5 орын;
Афина олимпиадасы - Базарбек Донбай – 13 орын;
Пекин олимпиадасы - Саламат Отарбаев – 21 орын;
Лондон олимпиадасы - Еркебұлан Қосаев – 9 орын;
Рио олимпиадасы - Елдос Сметов – 2 орын;
Токио олимпиадасы - Елдос Сметов – 3 орын.