Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыружәне спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Алматы облысында спорт әдіскерлері мен нұсқаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы пен семинар өтті. Алматы облысы спорт басқармасы басшысының орынбасары Рахман Қуанышұлы жиынның алғашқы күні қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.
Облыстағы спорт нұсқаушыларына арналған семинар-кеңес 13-14 мамыр күндері өтті. Семинарға 140-тан астам адам қатысып, «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» директорының орынбасары Жұмажан Имаяқов пен бөлім басшысы Абзал Мыхыбаев дәріс оқып, соңынан қатысушыларға сертификаттар тапсырды. Сондай-ақ республикалық мекеме атынан қатысушыларға әдістемелік кітапшалар табыс етілді.
Біліктілікті арттыру курсының екінші күнінде Абзал Мыхыбаев курсқа қатысушыларға педагогикалық бақылау жүргізді.
«Спортпен шұғылданушыларды дәрігерлік-педагогикалық бақылау» тақырыбында дене шынықтыру маманы Шынара Болатовна Молдағалиева дәріс оқыды. Дәріс соңында қатысушыларға ойды жинақтау тақырыбында тренинг өткізді.
Курс барысында бөлінген 5 топ өз жобалық жұмыстарын сәтті қорғап, куәліктерін алды.