Париж Олимпиадасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтық атудан Александр Ле Олимпиада ойындарын 6-орынмен аяқтады. Александра 2 күн бұрын аралас командалық сайыста қола жүлдеге ие болған.
Александра іріктеуден 6-орынмен финалға шыққан. Финалда 165.4 ұпай жинап, 6-орынға табан тіреді. Бұған дейін 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында дәл осындай үздік көрсеткішке қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун қол жеткізген.
Бұл сайыстың жүлдегерлері:
🥇Ban Hyojin 🇰🇷 251.8 (+10.4)
🥈Huang Yuting🇨🇳 251.8 (+10.3)
🥉Audrey Gogniat 🇨🇭 241.3 ұпай
Александра Қазақстан қоржынына алғашқы медаль алып берген. Мерген қыздың алар асуы көп болсын дейміз!