Қазақстандағы садақ ату спорты

2022 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда садақ атумен 2000-нан астам адам айналысады. Елімізде бұл спорт түрі бойынша 90-нан астам секция жұмыс істейді. Соңғы жетістіктерге тоқталсақ өткен желтоқсан айында Ильфат Абдуллин Шарджадағы (БАЭ) Азия кубыгының үшінші кезеңінің жеңімпазы атанды, ал 2022 жылдың қазан айында біздің садақшылар Батумиде өткен халықаралық турнирде 9 медаль жеңіп алды.