Париждегі Олимпиадаға 14 салмақ және аралас командалық сайыс бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 дзюдошы (ерлер, әйелдер)қатысады.
Қазақстан ерлер құрамасы: Елдос Сметов (60 келі, әлемдік рейтингте №22), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі, №26), Данияр Шамшаев (73 келі, №19), Абылайхан Жұбаназар (81 келі, №10), Нұрлыхан Шарқан (-100 келі, №23) Қазақстан мен бұрын ССРО-дан бөлініп шығып, дзюдошылары әлемдік додаларда жоғарғы жетістіктерге жетіп жүрген елдерді салыстырамыз. Атап айтар болсақ, Грузия, Монғолия, Әзербайжан және Өзбекстан. Аталған елдерден Париж олимпиадасына қанша дзюдошы барады деген сұраққа, Грузия Әзербайжан және Өзбекстан толық құрамда, ал, Монғолиядан 5 дзюдошы бармақ.
60 келі.
Елдос Сметов. Әлемдік рейтингте 22 орында. Грузиядан - Гиорги Сардалашвили (№2), Моңғолиядан - Энхтайван Ариунболд (№13), Әзербайжаннан - Балабай Агаев №7, Туран Байрамов (№17). Өзбекстаннан - Дилшодбек Баратов (№14), Достон Рузиевте (№18)
66 келі.
Ғұсман Қырғызбаев. Рейтингте 26 орында. Грузиядан - Бажа Маргвелашвили (№2), Монғолиядан - Баттогтох Эрхэмбаяр (№3) және Басхүү Ёндонпэрнлэй (№5), Әзербайжаннан - Яшар Нажафаров (№11), Өзбекстаннан - Сардор Нуриллаев (№12) және Мухриддин Тиловов (№17)
73 келі.
Данияр Шамшаев, рейтингте 17 орында. Грузиядан - Лаша Шавдатуашвили (№8), Монғолиядан - Цэнд-очир Цогтбаатар (№23) және Батзаяа Эрдэнэбаяр (№26). Әзербайжаннан - Хидаят Гейдаров (№1), Өзбекстаннан - Шахрам Ахадов (№5), Муроджон Юлдошев (№7) және Обидхон Номонов (№21)
81 келі.
Абылайхан Жұбаназар, рейтингте 10 орында. Грузиядан Тато Григалашвили (№2), Монғолиядан бұл салмақта Парижге ешкім бармайды. Әзербайжаннан - Зелим Цкаев (№6) және Саед Моллай (№14), Өзбекстаннан - Шарафуддин Болтабоев (№12).
100 келі.
Нұрлыхан Шархан, рейтингте 23 орында. Грузиядан - Илия Суламанидзе (№2), Монғолиядан - Батхуяг Гончигсүрэн (№10), Әзербайжаннан - Зелим Котцоев (№1), Өзбекстаннан - Музаффарбек Туробоев (№4)