4 боксшымыз ширек финалда

Париж олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан боксшыларымыздың төртеуі ширек финалға шықты. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (-92 келі) Сәкен түрік боксшысы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0. Сәкеннің келесі қарсыласы Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)

Мұхаммедсабыр екі жекпе-жек өткізді. 1/16 финалда испан былғары қолғап шебері Ойер Ибареччені сенімді жеңген. 1/8 финалда Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан (Тайпей) 3:2 есебімен басым түсті. Мұхаммедсабырдың келесі қарсыласы Лаша Гурули (Грузия)

Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымда Каллум Питерсті (Аустралия) жеңді. Есеп - 3:2 Ширек финалда Нұрбек әзербайжандық Мурад Аллахбердиевпен жұдырықтасады.

Айбек алғашқы жекпе-жегінде Олетен Олаорены (Нигерия) айқын басымдықпен жеңді. Отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Альфонсо Лорен Домингез (Әзербайжан)

Жігіттерімізге сәттілік тілейміз!