2022 ж. 1 желтоқсанында Астана қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ауыл алаңынан-Олимпиада тұғырына» атты ауыл нұсқаушыларының республикалық І конференциясы өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өткен ауыл спорт нұсқаушыларының бірінші конференциясында әр облыстың үздік нұсқаушылары анықталды.Жеңімпаздарға мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев диплом мен сыйлықтар табыс етті.

Конференция аясында әр аймақтың спорт басқармалары ауыл спортына арнап көрмелер ұйымдастырды. Енді облыстардың 2022 жылғы ең таңдаулы спорт нұсқаушыларымен таныс болыңыздар. Бұл мамандар ауылды жерлердегі дене шынықтыру мен спорттың негізгі қозғаушы күштері.

Бақыт Әбитов – Алматы облысы
Асыланбек Қалиев – Атырау облысы
Ұлжан Қапанова – Ақмола облысы
Айгүл Қоспанова – Ақтөбе облысы
Қолқанат Серіков – Батыс Қазақстан облысы
Сержан Бәденов – Жамбыл облысы
Медет Мергенбаев – Жетісу облысы
Жанат Тоғызбаева – Маңғыстау облысы
Фархат Советов – Қарағанды облысы
Абыл Ахметбеков – Қостанай облысы
Азамат Зәуребаев – Қызылорда облысы
Қайрат Ералиев – Түркістан облысы
Сағынтай Майлашев – Солтүстік Қазақстан облысы
Мейірхан Баймұхамедов – Павлодар облысы
Ақылбек Асанов – Шығыс Қазақстан облысы

Бұлардың ішінде бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев те бар. Қайрат Түркістан облысы, Сайрам ауданында спорт нұсқаушысы болып қызмет істейді.

Әлем чемпионының ауыл спортының бел ортасында жүргені талайларға үлгі болатыны сөзсіз.