2021 жылғы бірінші жарты жылдығы бойынша Орталықтың қызметі туралы есебі.
2021 жылда Дене шынықтару және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығымен (бұдан әрі - Орталық) 5 біліктілікті арттыру курстары өтті:
- спорт бойынша әдіскерлерге - арналған 8-15 ақпан аралығында қашықтықтан өткізілді. Бұл курста 193 әдіскер оқудан өтті.
- пауэрлифтинг, армрестлинг, гір спортынан- а.ж. 11 – 18 наурыз аралығында өткізілді. Барлығы 41 жаттықтырушы - оқытушы оқудан өтті.
- Nomad MMA, кикбоксинг, киокушинкай-кан каратэ, муайтай - 5 - 12 сәуір аралығында қашықтықтан өткізілді. Курста жалпы 46 жаттықтырушы - оқытушы оқудан өтті.
- жекпе-жек түрлерінен (белбеу күресі, самбо, джиу-джитсу, грепплинг, қазақ күресі)- 24 - 31 мамыр аралығында қашықтықтан өткізілді. Курста жалпы 80 жаттықтырушы - оқытушы оқудан өтті.
- ұлттық спорт түрлерінен- 21 - 28 маусым аралығында қашықтықтан өткізілді. Бұл курста 18 жаттықтырушы - оқытушы оқудан өтті.
Есепті кезеңде, Орталықпен өткізілген біліктілікті арттыру курстарыннан барлығы 378 спорт саласындағы маман оқудан өтті.
17 мамырда «Спорттағы заманауи технологиялар мен ғылыми жетістіктер» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Аталған жиында республикамыздың спорт мекемелерінің 45 мамандары қатысты.
18 маусымда «Спорттық медицинаның негізгі аспектілері» тақырыбында семинар - кеңес өтті. Аталған жиында республикамыздың спорт мекемелерінің 53 мамандары қатысты.
Есепті кезеңде, Орталықпен өткізілген семинар-кеңесте барлығы 98 спорт саласындағы маман оқудан өтті.
Сонымен қоса, Орталықпен келесі әдістемелік құралдары басып шығарылды:
«Справочник по игровым видам спорта»- Таралымы - 300 дана.
«Справочник по видам стрельбы»- Таралымы - 200 дана.