2021 жылдың І тоқсанында спорт түрлері бойынша өткізілген республикалық жаттықтырушы-оқутышылардың біліктілігін арттыру курстары туралы ақпарат.
Спорт саласындағы мамандарға арналған біліктілігін арттыру курстарын өткізу бекітілген кестеге сейкес («КУРСТАР» тарауын қараңыз) қашықтықтан оқыту түрімен келесі курстар ұйымдастырылды:
1. Спорт жөніндегі әдіскерлер (08.02-15.02). Курста еліміздің 11 өңірі және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 193 әдіскер оқудан өтті, оның 31 тыңдаушысы – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдері. Тыңдаушылардың басым бөлігі (ОР) БЖСМ-нің, қалғандары ЖСШМ, спорттық клубтардың және басқа ұйымдардың әдіскерлері. Сабақтарда тыңдаушылар спорттық мектептердің әдістемелік қызметтері, әдістемелік құжаттарды жүргізу ережесі, оқу-жаттығу процесін ұйымдастырудың қыр-сырларын үйренді, өйткені сапалы жаттығу процессін тиісті әдістемелік нұсқаулықсыз және сүйемелдеусіз жүзеге асыру мүмкін емес.
2. Пауэрлифтинг, армрестлинг, гір спорты (11.03-18.03.). Курста еліміздің 7 өңірі және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 41 жаттықтырушы-оқытушы оқудан өтті, оның 1 тыңдаушысы - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілі. Тыңдаушылардың басым бөлігі (ОР) БЖСМ-нің (23), қалғандары ЖСШМ (3), спорттық клубтардың (4) және басқа ұйымдардың мамандары.
Жалпы біліктілілігін арттыру курстары бойынша есептік кезеңінде спорт саласының 234 маманы қатысты.