Триатлон бойынша ұлттық және халыақаралық жарыстарда төрелік етуге құқылы төрешілер мен техникалық делегаттарға арналған семинар басталды

Бүгін, 2017 жылғы 26 шілдеде, «Сарыарқа» Республикалық велотрегі ғимаратында триатлон бойынша ұлттық және халыақаралық жарыстарда төрелік етуге құқылы төрешілер мен техникалық делегаттарға арналған семинар басталды. Одан кейін семинарға қатысушылар Астана қаласында өткізілетін Азия кубогында тәжірибеден өтеді. Ал бұл өз кезегінде Қазақстанда осы спорттың дамуына қосымша импульс беретіні сөзсіз. Аталмыш шараны халықаралық триатлон одағы (ITU) аясында Қазақстан Триатлон федерациясы «Дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК бірлесе ұйымдастыруда. Семинарда Корей елінен келген лекторлар Ki Woo Kyung, David Hoong, Lee Chae дәріс береді.