Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК (бұдан әрі- Орталық) «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК бірлесе отырып «Жоғарғы жетістіктер спортын фармакологиялық қамсыздандыру» тақырыбында Республикалық семинар-кеңес өткізеді. Семинар-кеңестің бағдарламасына келесі баяндамашылар енгізілген: С.Т. Маженов - «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК директоры; С.Н. Португалов– м.ғ.к. (Ресей); Ж.М. Андасова– п.ғ.к.; Г.П. Қасымова– м.ғ.д. Семинар ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының конференц-залында өтеді. Семинарға қатысуға спортты медициналық-биологиялық қамтамасыз ету мамандары шақырылады