«Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК (одан әрі – Орталық) мамандары Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігі мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлігі арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында Беларуь елінің ең мықты мектебі – Мозырь қ. байдарка және каноэде есу бойынша Олимпиадалық резервтің спорттық балалар-жасөспірімдер мектебіне барды.
Сапардың мақсаты – Беларусь елінің дене шынықтыру және спорт саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибесімен, материалдық-техникалық базасымен танысу, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау тәжірибесімен бөлісу.
Байдарка және каноэде есу бойынша ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Владимир Шантарович олимпиада чемпиондарын даярлауда қандай әдіс-тәсілдер қолданатындығы туралы айтып берді. Сондай-ақ, Орталық мамандары Беларусь Республикасының байдарка және каноэде есу бойынша ұлттық құраманың дәрігері Елена Георгиевна Каллаурмен де кездесіп қайтты. Өз саласының білікті де, танымал маманы әріптестірімізбен жылдар бойғы тәжірибесімен және білімімен бөлісті.
Кездесу барысында Орталық мамандары белорусиялық әріптестерімен жаттықтырушылар мен оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарын және семинарлар ұйымдастыруда одан әрі ынтымақтастықта болуға келісті.
Осы жылы Орталық Владимир Шантаровичпен және Елена Каллаурмен бірлесе әзірлейтін бірқатар әдістемелік құралдар шығаруды жоспарлауда.