28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданы өткізу аясында

28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданы өткізу аясында біздің Орталықтың қызметкерлері жаттықтырушы – оқытушыларға арналған "Жоғары жетістіктер спорты" тақырыбындағы республикалық семинарға қатысты. Іс-шараға Украина Дене тәрбиесі және спорт Ұлттық университетінің профессоры Платонов Владимир Николаевич арнайы шақырылды. Семинар барысында жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Орталық қызметкерлері Қазақ спорт және туризм академиясында өткен FISU 2017 жылғы "Инновациялар-Білім-Спорт" тақырыбындағы дүниежүзілік ғылыми конференцияға қатысты. "Университеттік спорт: денсаулық және қоғамның болашағы" тақырыбында ұйымдастырылған іс-шарада университеттік спорт, допинг мәселелері, бұқаралық спорт жүйесіндегі спорттық технологиялар және т.б. мәселелер талқыланды.