Регби

Регбиден жаттықтырушы-оқытушыларға арналған республикалық біліктілікті арттыру курсы 2023 жылғы 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында Алматы қаласында өткізілді. Курстарда еліміздің 7 өңірі мен Алматы қаласынан 40 жаттықтырушы оқудан өтті. Өңірлерге бөлгенде жаттықтырушы-оқытушылар курсына қатысқандарды4 басым көпшілігі Алматы қаласының мамандары.

Теориялық сабақтарды өткізгендер: Б.М. Құсайынов – Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК спорт дәрігері; С.В. Лаверженцев – спорттық уқалаушы (массажист), тейптеу бойынша маман; А.М.Бәкірова - РМҚК РОӘТО заңгері; Ғ.Б. Жұмабаева – ҚР Допингке қарсы ұлттық орталықтың білім беру бағдарламалары бойынша маманы; педогогика ғылымдарының кандидаты, доцент - Андасова Ж.М.

Тәжірибелік сабақтарды өткізгендер: Амиртаев Ербол Калиевич – СШ, регбидан жоғары санаттағы ұлттық төреші; Абдразаков Ильдар Шамильевич – ХДСШ, регбидан ҚР ерлер құрамасының бас бапкері, жоғары санаттағы жаттықтырушы.