Күрес түрлері бойынша жаттықтырушыларға арналған республикалық біліктілікті арттыру курсы

9-13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» мен ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының ұйымдастыруымен Астана қаласында күрес түрлері бойынша спорт түрінен жаттықтырушыларға арналған курс өтті. Аталған шараға Қазақстанның 14 облысы мен 3 қаласынан 120-ға жуық спорт мамандары қатысты.

Курстың алғашқы екі күнінде АҚШ-тан келген, UWW федерациясының Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушысы Мартин Хаук «Күрес түрлері бойынша жаттығу жасаудың заманауи әдістері» және «Бапкерлік философия мен дайындық кезеңдері» тақырыбында теориялық, практикалық сабақтар өткізді.

Үшінші күнінде UWW федерациясының халықаралық дәрежедегі төрешісі Игорь Лигай Халықаралық күрес федерациясы (UWW) енгізген грек-рим, еркін күрес ережелеріне енгізген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырып, практика негізінде көрсетті.

Төртінші күнінде «РОӘТО» РМҚК директорының орынбасары Ж.Имаяқов спортшыны дайындаудың физиологиялық негіздері туралы дәріс өткізді.

Курстың соңғы күнінде екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов сөз сөйледі. Өз сөзінде Дәулет Болатұлы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жаттықтырушының спортшыны қалыптастырудағы рөлі туралы айтты, сондай-ақ қатысушылармен өңірлерде күрес түрлерін дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, шақырылған спикер ретінде «Бейбітшілік үшін күрес» ұйымының атқарушы директоры, атақты жаттықтырушы Дэн Рассел сөз сөйледі.

Курсқа қатысушылар тестілеуден өтіп, куәліктермен марапатталды.