Каратэ спорт түрінен өткізілген жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы

28 - 4 шілде, тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Астана қаласында Каратэ спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған курс өтті.

Курс барысында оқылған дәрістер:

"Спортшыны дайындаудың физиологиялық негіздері" - "РОӘТО" РМҚК директорының орынбасары Жұмажан Шалабайұлы Имаяқов

"Спорт түрлерінің жалпы және арнайы дайындығы" - ҚР еңбек сіңірген бапкері Таджимурат Толбаевич Найзабеков

"Спорт түрлері бойынша әдіс-тәсіл шеберлігін жетілдіру" - ҚР бас бапкері Рустем Муратович Султанбеков.

Курсқа 120 адам қатысып, біліктіліктерін арттырып, куәліктермен марапатталды.

ҚР бас бапкері Рустем Муратович Султанбековтың сөз сөйлеуі

Курс жайлы айтылған пікір