Спорттық даярлықтың ұлттық стандарт талаптары бойынша семинар-кеңес

Бүгінгі күнде «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын іске асыру мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараға Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, спорт федерациялары мен бағынышты мекемелердің өкілдері қатысты.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев сөз кезегінде жиынның маңыздылығын айта кетті.

Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы директорының орынбасары Жұмажан Имаяқов жобаның негізгі міндеттері мен спорттық федерациялардың сұраныстарына стандартты бейімдеу тәсілдерін ұсынды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға комитеттің салалық басқармаларының мамандары жауап берді.