Каратэ WKF спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Ақтау қаласында каратэ WKF спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсқа 100-ге жуық маман қатысуда.

«РОӘТО» РМҚК директорының орынбасары Ж.Имаяқов тыңдаушыларға «Спортшы дайындаудың физиологиялық негіздері» тақырыбында дәріс өткізді.

Видео

Дәріс соңында қатысушылар командаларға бөлініп, тапсырмалар берілді.