Астана қаласында конькимен жүгіру және шорт-тректен жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті

Қараша айының 11-15 күндері аралығында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» ұйымдастыруымен Елордамызда жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті. Шараға 30 конькимен жүгіру және шорт-трек маманы жиналып, бес күн бойы дәріс тыңдады.

Курстың алғашқы дәрісінде «РОӘТО» РМҚК директорының орынбасары Имаяқов Жұмажан Шалабайұлы спортшыларды даярлаудың физиологиялық негіздері жайлы дәріс өтіп, мамандарға курстық тапсырмаларын берді. Авдеев Сергей Викторович 2024 жылы ISU конгресінде ISU конькимен жүгіру ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы сөз қозғады.

Курстың екінші күнінде психолог, спорттық массажист Лаверженцев Сергей Владимирович тейптеу және спорттық массаж және спорттық психологияның жаңа тенденциялары тақырыбында семинар өткізді.

«Допингке қарсы ұлттық орталығы» РМҚК білім беру маманы Жұмабаева Ғалия Болатқызы допингке қарсы күрес тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Ал «РОӘТО» РМҚК заңгері Бәкірова Айгүл Мұратқызы спорт саласындағы заңнамалық мәселелерге арналған дәріс оқыды. Курс нәтижесі бойынша қатысушылар жобалық жұмыстарын қорғап, тест тапсырып, мамандарға дәрісті жақсы игерді деген куәліктер тапсырылды.