Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК бос лауазымға орналасуға конкурс жариялау

Конкурстардың барлық қызметкерлеріне қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

  • Дене тәрбиесін және спортты насихаттау бөлімінің инспекторы – категория С-2 (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне).

 Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар:  мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.

Санат

Қызмет өткерген жылдарға байланысты

 

min

max

С-2

59 958

75 141


Келесі құзыреттердің болуы: бастамашылдық, коммуникативтілік, талдамашылдық, ұйымдастырушылдық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Сондай-ақ, кандидаттың өз функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімдері болу тиіс.

Кәсіпорынның негізгі қызметі спорт саласында ғылыми негізделген әдістемелік және оқу жұмыстары болып табылады.

       Конкурсқа қатысуға ықылас білдірген тұлғалардың келесі құжаттары болу тиіс:

1) қоса ұсынылатын құжаттардың тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке бас куәлігі құжатының көшірмесі;

3) толтырылған кадрларды есепке алу жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;

4) білімі туралы құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі;

5)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының  2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) жемқорлық қылмыстарды жасау туралы мәліметтердің бары немесе жоқтығы туралы анықтама;

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс қатысушысына құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

            Конкурсқа қатысуға үміттенуші тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 45 «А» мекен-жайы, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жай, 72-94-05 тел. бойынша он бес күнтізбелік күн аралығында 2018 жылғы           25 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

Поделиться статьей: