Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК (бұдан әрі- Орталық) грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясымен бірлесе, 2018 жылғы 23 – 28 шілде аралығында еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру курсын өткізеді.
Курс Алматы қаласы, Коперник көшесі, 130 (еркін күрес академиясы) өтеді.
Курсқа қатысу үшін 2018 жылғы 19 шілдеге дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекенжайына өтінім жіберу қажет.
Тіркеу 23 шілде күні сағат 09.00-ден бастап 10.00-ге дейін жүргізіледі.
Біліктілікті арттыру курстары өтеусіз негізінде, іссапарлық шығындары жіберуші ұйымның есебінен жүргізіледі. 
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады 8 (7172) 95-42-02.

Поделиться статьей: