Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт жәнедене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша
республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК (бұдан әрі-Орталық) Дзюдо федерациясымен бірлесе, 2018 жылғы 18-25 шілде
аралығында дзюдо күресінен жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру курсын өткізеді.
Курс Алматы қаласы, Байзаков көшесі, 238 үй мекен-жайы бойынша өтеді (К.Ахметов атындағы Олипиада резервінің республикалық
мамандандырылған мектеп-интернат колледжі).
Курсқа қатысу үшін 2018 жылғы 12 шілдеге дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайына өтінім жіберу қажет.
Біліктілікті арттыру курстары ақысыз негізінде, іс-сапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 95-42-02 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Поделиться статьей: