Орталық қызметі

 

Спорт ғылым мен өнерден ғана тұрмайды, оны сондай-ақ бірегейлілік пен көпқырлылығы құрайды. Спортшылардың нәтижелік көрсеткіштеріне көптеген факторлар ықпал етеді: физикалық дайындығы, психологиялық көңіл-күйі, физиологиялық ерекшеліктері, медико-биологиялық қамтамасыз етілуі, күнделікті жаттығулар мен жаттығуға жиналудың саны мен сапасы және т.б.

Басқа сөзбен айтқанда, спорт – өзінің ерекшеліктері, айырмашылықтары және заңдылықтары бар  тұтас әлем.

Алайда, спорт жетістіктерін жүйелеуге, талдауға және болжауға болады.

Спорттың озық тәжірибелерін талдау, қорытындылау және енгізу үшін, және  ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №547 қаулысына сәйкес (Қаулыққа сілтеме) «Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі республикалық мектебі» РМҚК (БСЖСШРМ) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК болып қайта ұйымдастырылды.

«РОӘТО» РМҚК Жарлығы 2015 жылдың 07 қазанында тіркелді, осы күнді Орталықтың туған күні деп есептеуге болады.

Білікті спортшыларды даярлау барысында ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және талдауды қамтамасыз ету үшін Орталық алдында келесі қызметтердің түрлері бойынша міндеттер қойылды:

– дене шынықтыру және спорт саласында талдау жұмыстарын өткізу;

– дене шынықтыру және спорт саласында әдістемелік қамтамасыз ету, соның ішінде басқару жүйесін жетілдіру және халық арасында бұқаралық спортты ұйымдастыру бойынша әдістемеліктерді, бағдарлама мен ұсыныстарды әзірлеу, Олимпиада және Азия ойындарына, әлем және Азия чемпионаттарына білікті спортшыларды даярлау, спорт резервтерін, спорт психологиясын іріктеу;

– спорт түрлері бойынша еліміздің ұлттық құрама командаларын болжау және ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету;

– спорттың олимпиадалық түрлері бойынша кешендік талдау топтарын құру;

– озық спорттық тәжірибелерді қорытындылау, спорттық жаттығулардың жаңа құралдарын және технологияларын анықтау және әзірлеу, спорт ғылымының жаңа жетістіктеріне экспериментальдық апробация жүргізу;

– дене шынықтыру және спорт саласындағы жаттықтырушы-оқытушылық құрамының және басқа мамандардың біліктіліктерін арттыру бойынша курстарды ұйымдастыру және өткізу, кеңес беруді және басқа қызметтерді көрсету;

– жоғары жетістіктердегі спорттың және спорт резервтерінің жаттықтыру процесін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсыныстарды зерттеу, талдау және әзірлеу;

– дене шынықтыру және спорт саласының әдістемелік оқулықтарын, тематикалық жинақтарын, конференция, семинар материалдарын әзірлеу және шығару;

– дене шынықтыру және спорт саласының семинарын және конференциясын ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта Орталықтың құрамында келесі бөлімдер жұмыс істейді:

  • Бұқаралық спортты, жоғары спорт жетістіктері мен спорт резервін оқу-әдістемелік қатамасыз ету бөлімі;
  • Талдамалық, ақпараттық және инновациялық қызмет бөлімі;
  • Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру бөлімі;
  • Редакциялық-баспа бөлімі.

Орталықты Мыхыбаев Абзал Тұңғатарұлы басқарады.

Спорттық ұйымдар мен мекемелерді ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырамыз!

Поделиться статьей: